Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге барды

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов ақтөбеліктерді бүгінгі сайлауда белсенді түрде дауыс беруге шақырды. Ол өзі қаладағы №556 сайлау учаскесіне келіп, таңдауын жасады. Батыс-2 ауданында орналасқан №556 сайлау учаскесінде 2330 сайлаушы тіркелген. Учаске төрағасы Әліби Латыптың айтуынша, жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18.00-ге дейін тұрғындардың 50 пайызға жуығы сайлау бюллетеньдерін алып, өз таңдауын жасапты. — … Әрі қарай оқу Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге барды